Тоғжанов "Ақтөбе" ФК алдына ел чемпионы болу міндетін жүктеді

9 Қазан 2022, 17:38
1207
Бөлісу:
Тоғжанов "Ақтөбе" ФК алдына ел чемпионы болу міндетін жүктеді

Бүгін облыс әкімі Ералы Тоғжанов Қобыланды батыр атындағы орталық стадионда "Ақтөбе" футбол командасының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңір басшысы кезекті рет ФК жаттықтырушылар штабы мен ойыншылар алдына маусым чемпионы болу міндетін қойды. 

Ақтөбеде футбол дәстүрлері әрқашан болған және бола бермек. Биыл біздің команданың ел чемпионы атануға тамаша мүмкіндігі бар. Біз клубқа жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, ал сіздерден күтетініміз - жеңіс тұғырынан көріну және келесі маусымда УЕФА Чемпиондар Лигасында ойнау. Өз тарапымыздан біз футболдың дамуына барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз:  Ақтөбеде балалар футбол академиясының құрылысы және орталық стадионға қайта жөндеу жұмыстарының жоспарға енуі осыған дәлел. Ағымдағы маусымда команданың бес дүркін чемпиондық жеңісінен кейін алтыншы алтын медаль иеленеді деп сенеміз, бұл жанкүйерлер үшін нағыз футбол мерекесі болады. Олар оған әбден лайық. "Каспий" ФК-мен Жеңіс матчында мызғымас ерік көрсеткендерге үлкен алғыс, - деді Ералы Тоғжанов. 

Сондай-ақ, облыс әкімі стадионды аралап, спорт кешеніне күрделі жөндеу жүргізу басым мәселелердің бірі болып қала беретінін жеткізді. Кездесу соңында "Ақтөбе" ФК басқарма төрағасы Джан Жамантаев пен команданың бас бапкері Андрей Карпович команда атынан Ералы Тоғжановқа сенім білдіргені үшін алғыс білдіріп, "қызыл-ақтық" ойыншылар облыс басшылығының қолдауына үміт артатынын атап өтті. 

Өзгелердің жаңалығы