Тоғызқұмалақтан VI Әлем чемпионаты мәресіне жетті

30 Қараша 2022, 21:07
1260
Бөлісу:
Тоғызқұмалақтан VI Әлем чемпионаты мәресіне жетті

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері, ЮНЕСКОның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енген ұлттық спорт түрі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2022 жылғы 20-28 қараша аралығында Ақтөбе қаласында  тоғызқұмалақтан өткен VI Әлем чемпионатына 20 елден (Ауғанстан, АҚШ, Антигуа мен Барбуда, Әзірбайжан, Бангладеш, Германия, Қытай, Қырғызстан, Колумбия, Латвия, Моңғолия, Өзбекстан, Пәкістан, Румыния, Түркменстан, Түркия, Ұлыбритания, Үндістан, Чехия және Қазақстан елінің) спортшылары қатысты.

Жарыстың жабылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Е. Тоғжанов, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті А.Байменов, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті И.Салжанов және Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы директорының орынбасары Қ.Рамазанова  қатысып, спортшыларды марапаттады.

Жарыс тоғызқұмалақтың классика, рапид және шапшаң т.рлері бойынша өткізіліп, 6 комплект жүлде сарапқа салынды. Әлем чемпионатының  жеңімпаздары мен жүлдегерелері болып, төмендегі спортшылар танылды:

Классика/ерлер

I орын - Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан)

II орын - Бексұлтан Бостандықов (Қазақстан)

III орын- Анарбек Джамакеев (Қырғызстан)

III орын - Фахардо Чико Оскар Альваро (Колумбия)

Классика/әйелдер

I орын - Әсел Далиева (Қазақстан)

II орыр - Айтұрған Мақсатбекқызы (Қырғызстан)

III орын - Адина Асеева (Қырғызстан)

III орын - Аңсаған Қожанәсіп (Қазақстан)

Блиц/ерлер:

I орын - Әсет Қайыржанов (Қазақстан)

II орын - Анарбек Джамекеев (Қырғызстан)

III орын - Медет Құсайынов (Қазақстан)

III орын - Марлис Дулатбеков (Қырғызстан)

Блиц/әйелдер:

I орын - Гүлжанат Алдабергенова (Қазақстан)

II орын - Айзада Бақытбекова (Қырғызстан)

III орын - Мөлдір Серікқызы (Қазақстан)

III орын - Алтынай Шамбетова (Қырғызстан)

Рапид/ерлер:

I орын - Әсет Қайыржанов (Қазақстан)

II орын - Асылхан Қожанәсіп (Қазақстан)

III орын - Нұрбек Қабиев (Қазақстан)

III орын - Ермуханбет Алайдар (Қазақстан)

Рапид/әйелдер:

I орын - Жамиля Баилдяшева (Қазақстан)

II орын - Әсел Далиева (Қазақстан)

III орын - Гүлнара Базаралиева (Қазақстан)

III орын - Салтанат Сапарбекова (Қазақстан)

Командалық есептің нәтижесінде: 

1.Қазақстан - 6 алтын, 3 күміс, 7 қола;

2.Қырғызстан - 3 күміс, 4 қола;

3.Колумбия - 1 қола иеленді.

Әлем чемпионаты кезінде өткен Дүниежүзі тоғызқұмалақ федерациясының отырысында құрлықтардағы істерге жауапты вице- президенттер болып Md Al Mamun ( Бангладеш ) , Oscar Fajardo ( Колумбия ) және Naim Belgin ( Румыния) сайланды. Сонымен қатар бұрын сайланған , Radka Nevzalova ( Чехия ), Rauf Özgen ( Түркия) , Асылхан Сәкей ( Моңғолиядан сайланған ) , Мақсат Раманқұлов ( Қазақстан ) әріптестерімен бірге жұмыстарын жалғастыратын  болады. Күнделікті жұмысты Дүниежүзі федерациясының Бас хатшысы Мақсат Шотаев, Төрешілік директоры Жарас Исаханов  және атқарушы директор Лина Каримова үйлестіреді. 

Сондай-ақ, осы  отырыс барысында Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының мүшелері мен VI Әлем чемпионатының қатысушылары Қазақстан Республикасының Өкіметіне Еліміздегі атаулы күндер тізбесінде тоғызыншы айдың тоғызыншы күні «Тоғызқұмалақ күні» деп белгіленсе деп, үндеу жолдады. Әлемнің төрт құрлығынан жиналған тоғызқұмалақ жанашырлары тоғызыншы айдың тоғызыншы күнін өз тарапынан халықаралық деңгейде атап өте беретінін, көне ойынның Отанында өзінің атауына сәйкес Қазақстан Республикасында «9 қыркүйекті - тоғызқұмалақ күні» деп белгілеуді ұсынады.

Үндеуде: Бұл көне зияткерлік ойынның дамуына жаңа серпін береді деп сенеміз, - делінген. 

Өзгелердің жаңалығы