Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды

Бүгiн, 18:42
124
Бөлісу:
Тоғызқұмалақ тақтасы ғарышқа ұшырылды
VIDEO
Фото: @Turizm_jane_sport_ministrligi

9 қыркүйек күні сағат 09:09-да 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында тоғызқұмалақтан алғашқы ойындар басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қатысушылардың бірінші жүрісі 9 ойыншыдан тұратын 9 үстелдік тақтада, 9-шы ұядан басталып, есептеу жылдамдығымен сайысқа түсті.

Ерекше айта кететін маңызды жаңалық – тоғызқұмалақ тақтасының ғарыш кеңістігіне шығуы. Ресей ғарыш агенттігімен арадағы келісім негізінде ішінде тастары бар тақта алғаш рет Көшпенділер ойындары аясында стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді.

Бұл іс-шара үстел ойындарының жанкүйерлері үшін ғана емес, бүкіл Қазақстан үшін де маңызды жаңалық. Өйткені тоғызқұмалақ – ғарышта болған жалғыз үстел ойыны. Бүгін жарыстың ашылу салтанатын Әлихан Байменов осы жобаның маңызы, оның қазақ мәдениеті мен дәстүрлерін насихаттауға әсері, зияткерлік ойынның ғарыш кеңістігін қалай еңсергені туралы айтып берді.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясындағы тоғызқұмалақ турнирінде 41 елден, оның ішінде Колумбия, Бангладеш, Ұлыбритания, Франция, Германия, АҚШ, Қытай, Латвия, Африка және араб елдерінен келген 114 қатысушы бақ сынайды.

Өзгелердің жаңалығы