Тоғызқұмалақтан Назарбаев зияткерлік мектептері арасында спартакиада өтті

9 Қараша 2020, 16:58
1575
Бөлісу:
Тоғызқұмалақтан Назарбаев зияткерлік мектептері арасында спартакиада өтті

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тоғызқұмалақтан Назарбаев зияткерлік мектептері арасындағы желілік спартакиаданың  жеңімпаздары анықталды. Алғаш рет тоғызқұмалақшылар өз қарсыластарымен онлайн форматта PlayOk платформасында кездесті.

Қатысушыларды алдымен «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова құттықтады. 

Тоғызқұмалақ төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын. Ол шығармашылық пен логиканы дамытады, сол себепті де бұл ойын оқушыларымыздың арасында кеңінен танымал. Ойынға қызығушылық таныту – өз халқының тарихы мен мәдениетіне жақындай түсу, - дейді ол.   

Үш жас категориясы бойынша өткен командалық есепте Талдықорған және Қызылорда қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің құрамалары оза шапты. Бір ерекешелігі Қызылорда командасы екі бірдей жас дәрежесі бойынша ешкімге есе жіберген жоқ. Жекелеген ойыншылардан Әнел Кайрат, Абылайхан Тыныштықбай (екеуі де Талдықорған қ. НЗМ), Жұлдызай Мұнайтбасова (Қызылорда қ. НЗМ), Бекжан Әділжаппар (Семей қ. НЗМ), Жұлдыз Садықбек (Қызылорда қ. НЗМ), Бекарыс Жортабаев (Орал қ. НЗМ) чемпион атанады. 

Назарбаев зияткерлік мектептері даму департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ балалардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары жыл сайын артып келетінін, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуға арналған жобалар NIS әлеуметтік жобалары қатарында сұранысқа ие екендігін атап өтті.

 

Өзгелердің жаңалығы