Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан ел чемпионатының 25-ші турында қостанайлық «Тобыл» қарағандылық «Шахтерді» жеңді. Осылайша, «Тобыл» биылғы жылғы Қазақстанның Премьер-лигасының көшбасшысы атанды.
Қостанайда өткен кездесу 4:1 есебімен аяқталды. «Тобылдық» Александр Марочкин 16-шы минутта гол соқты. Ал Игорь Сергеев 31-ші минутта, Азат Нұрғалиев 56-шы минутта, Элгуджа Лобжанидзе 83-ші минуттағы соғылған голдардың авторы атанды. «Шахтерлік» Андрей Гиоргиади 87-ші минутта командасына бір гол сыйлады.
«Тобыл» 58 ұпаймен соңына дейін тур бойынша Қазақстанның Премьер-лигасының көшбасшысы атанып отыр. Себебі «Астана» қатар өтіп жатқан матста «Қайратқа» 0:1 есебімен есесін жіберіп алған болатын. Елордалық команда енді қостанайлықтардан екі ұпай артта қалуда.
«Шахтер» 30 ұпаймен турнир кестесі бойынша 8-орында тұр.