Тоқаевтың кеңесшісі Өзбекстан Президентінің де кеңесшісі болды

15 Қыркүйек 2020, 15:10
2589
Бөлісу:
Тоқаевтың кеңесшісі Өзбекстан Президентінің де кеңесшісі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропалық қайта құру және даму банкінің бұрынғы президенті және Қазақстан Президентінің штаттан тыс кеңесшісі Сума Чакрабарти Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевтің кеңесшісі атанды. Бұл туралы ол Twitter парақшасында хабарлады.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияевтің мені экономикалық даму, тиімді басқару және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кеңесшісі етіп тағайындағанын естіп, қуандым. Оның реформалық жобаларын жүзеге асыруға көмектесетін боламын, - деп жазды Сума Чакрабарти.

Айта кетейік, 14 қыркүйекте, яғни кеше ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономикалық даму мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған еді. Бұған дейін бұл қызметті Олжас Құдайбергенов атқарған болатын.

Сума Чакрабарти 1959 жылы дүниеге келген. 2012 жылдан бастап 2020 жылдың шілдесіне дейін Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті қызметін атқарды.
Өзгелердің жаңалығы