Тоқаев "Жанұя" отбасын қолдау институты орталығына барды

1 Қараша 2019, 13:51
4228
Бөлісу:
Тоқаев "Жанұя" отбасын қолдау институты орталығына барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы астаналық отбасыларға "бір терезе" қағидаты бойынша заңгерлік, психологиялық, әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

c1c10337b56d473364d5ee4c14476463.jpg

Аталмыш орталықта денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік, атаулы әлеуметтік көмек алу және тұрғын үй бағдарламаларының орындалуы жайында кеңес алуға болады.

"Жанұя" орталығының бастамаларын жоғары бағалаған мемлекет басшысы аталған мекеменің тәжірибесін еліміздің барлық аймақтарында іске асыру керек екенін айтты.

7a52ef195beb25ddb3a7a7c31d664c8a.jpg

Сонымен қатар, президент орталықтың базасында іске асып жатқан "Кәсіпкер ана" жобасының қатысушыларымен де әңгімелесті.

Біздің елімізде жұмыс істеп, жетістікке жеткісі келетін адам – оның жолын іздейді және табады. "Іздеген жетер мұратқа", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы