Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Қостанай облысы полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі марқұм Дархан Серікұлы Базарбаевты ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградтау туралы Қаулы етті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ішкі істер министрлігі Қостанай облысы Полиция департаменті Қостанай ауданы полиция бөлімінің полицейі Дархан Серікұлы Базарбаев ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын (марқұм). Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі, - делінген Қаулыда.