Тоқаев Ресейге ресми сапармен барады

28 Наурыз 2019, 14:41
8672
Бөлісу:
Тоқаев Ресейге ресми сапармен барады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін іс-шаралардың аңдатпасын ұсынды.

"Биылғы 3 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясына ресми сапармен барады. Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасындағы басты мәселе Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен өткізілетін келіссөздер болып табылады", - делінген хабарламада.

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары кездесуінің күн тәртібі саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық саладағы, сондай-ақ өңірлік және халықаралық тақырыптағы өзекті мәселелерді қамтиды.

Сапар қорытындысы бойынша екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.


Өзгелердің жаңалығы