Тоқаев: Өндіріс көлемі соңғы 10 жылда үш есе артты

13 Желтоқсан 2019, 12:24
4908
Бөлісу:
Тоқаев: Өндіріс көлемі соңғы 10 жылда үш есе артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" арнайы сыйлығын марапаттау рәсімінде өңдеу өнеркәсібі секторындағы нәтижелер туралы айтты.


Тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, Тәуелсіздікті жариялау бір бөлек, ал оны сақтап қалу одан да маңызды, қиын іс. Елбасы басқарған 28 жылда үлкен жолды жүріп өттік. Индустрияландыру ел экономикасының өсуінің мықты қаңқасы болды. Елімізде 1300 жаңа өндіріс ашылды. Өңдеу секторындағы өндіріс көлемі соңғы 10 жылда үш есе артып, 34 млрд АҚШ доллары көлемінде тікелей инвестициялар тартылды, - деді мемлекет басшысы.

Қазақстан президенті осы сектордағы экспорт көлемі де үш есе артқанын, бүгінде 165 млрд АҚШ долларын құрағанын айтты. 


Қазақстанда өндірілген тауарлар 120 елге экспортталады. Орталық Азия, Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Қытай мен ЕуорОдақ негізгі нарығымыз болып отыр. Үкімет мәліметінше, соңғы 8 жылда жаңа 85 тауар позициясы экспортқа шығарылды, - деді Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы