Тоқаев Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасын қабылдады

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.&nbsp;</h4>

16 Шілде 2019 2019, 15:45
АВТОР
 16 Шілде 2019 2019, 15:45
16 Шілде 2019 2019, 15:45
2069

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанованы қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Кездесу барысында Мемлекет басшысына агенттіктің қазіргі жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Анар Жайылғанова «Президенттің кадрлық резервін» құру және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа одан әрі көшіру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқарушыларға қойылатын талапты күшейтуге тиісті Мемлекеттік басқаруды дамытудың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігін айтты. 


Наверх