Тоқаев Дүниежүзілік банктің вице-президентін қабылдады

17 Шілде 2019, 19:01
1449
Бөлісу:
Тоқаев Дүниежүзілік банктің вице-президентін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллермен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланды.

Сирил Мюллер Қасым-Жомарт Тоқаевқа әртүрлі сектордағы ынтымақтастықтың қорытындылары, соның ішінде, ауыл шаруашылығы, жаңа технология және жасанды интеллект салаларындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.  

Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде мойындайды және осы бағытта елімізге одан әрі жан-жақты қолдау көрсетуге, сондай-ақ, өңірлік кооперацияның дамуына септігін тигізуге ниетті.

Өзгелердің жаңалығы