Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды

12 Мамыр 2020, 11:22
1127
Бөлісу:
Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында

Мемлекет басшысы сапар барысында қаланың бірқатар инфрақұрылымдық нысандарының жаңғырту жобаларымен және құрылысымен танысады, - деп жазды ол.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетін мобильді скрининг арқылы анықтау орталығына барады. Ботаникалық бақты қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, құрылысы жүріп жатқан әлеуметтік қызмет көрсету үйін аралап көреді.
Өзгелердің жаңалығы