Жүктерді контейнерлендіру бағдарламасы аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 7 бағыт бойынша контейнерлік пойыздарды іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
- Жаңа – Есіл-Мерсин Иран арқылы (Иранның Түркияға экспорты, қашықтық-5 655 км, жеткізу мерзімі-18-20 күн);
- Жаңа-Қарағанды-Бичерово / Паяс Иран арқылы (Иран арқылы Түркияға экспорты, 20-22 күнде 6 733 км);
- Қызылту-Мерсин (ХТКБ экспорты, 25-27 күнде 4 928 км);
- Қостанай-Сырдария (САЗ экспорты, 4-5 күнде 2 324 км);
- Алтынкөл-Апшерон (ХТКБ транзиті, 7 күнде 3 671 км);
- Алтынкөл-Ташкент торабы (транзит, 2 күнде 1 335 км);
- Ташкент түйіні-Достық (транзит, 3-4 күнде 1 874 км).
2009 жылдан бастап Түркі мемлекеттері ұйымының елдері арасындағы контейнерлік тасымалдар 2,4 есеге артып, 415 мың ЖФЭ құрады. Бұл ретте, контейнерлік әлеует 2030 жылға қарай 1 млн ЖФЭ-ге бағалануда.
ТМҰ-ға қатысушы елдер темір жолының ұзындығы 45 мың км - ден асады. Сарапшылар инфрақұрылым қарқынды дамып келе жатқанын атап өтуде. 2009-2022 жылдар аралығында 8 мың км-ге жуық темір жол салынды және 7,6 мың км-ден астам электрлендірілді. 2030 жылға дейінгі даму жоспарында темір жолдардың ұзындығына 23 мың км-ден астам қосылып, электрлендіру 20 мың км-ден астам аумақты қамтиды.
ТМҰ-ға қатысушы елдер темір жол көлігімен жүктерді тасымалдаудың жыл сайынғы жалпы көлемі 450 млн тоннадан асады. 2022 жылы ТМҰ елдері арасында жүктерді экспорттық тасымалдау көлемі – шамамен 50 млн. тонна. Қолданыстағы жүк ағынын 2030 жылға қарай 45%-ке (72 млн.тоннаға дейін) ұлғайту жоспарлануда.