Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БҰҰ Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының онлайн-алаңында Қазақстанда тұрақты мемлекеттік сатып алуды енгізу тетіктерін талқылады.
Парламент Сенатында Экологиялық кодекстің жаңа редакциясы талқыланып жатыр. Жаңа кодекс ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесіне сүйеніп жасалған, қазақстандық бизнесті ынталандыруды көздейді. Сондай-ақ қоршаған ортаға қатысты шешім қабылдауда қоғамдық пікірді ескеруге бағытталған. Біз ұлттық заңнамаға жасыл технологиялар мен экономика туралы түсінікті алғаш рет енгіздік. Экология мен қоршаған ортаны ілгерілендіруге инвестиция тарту мақсатында жасалды, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.
Вице-министр айтқандай, осы орайда мемлекеттік сатып алу әлеуеті жасыл экономиканы дамыту бойынша негізгі қозғаушы күшке айналуы керек.
Оның аясында халықтың әл-ауқаты артып, әлеуметтік теңдік орнайды. Оған қоса, қоршаған ортаға зиянды әсер де азаяды. Осылайша, тұрақты мемлекеттік сатып алу тікелей жасыл экономика мақсаттарында көрініс табады, - деді ол.
Айта кетейік, семинарда сарапшылар Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың қазіргі жағдайын талқылайды, тұрақты мемлекеттік сатып алуға жаһандық шолу жүргізеді және жаңа стандарттарды енгізу әдістерін әзірледі.
Тұрақты Мемлекеттік сатып алу - оның шеңберінде ұйымдар тауарларға, көрсетілетін қызметтерге, жұмыстарға және инфрақұрылым объектілеріне өз қажеттіліктерін бүкіл өмірлік цикл бойы қаражатты тек ұйымдардың өздері ғана емес, сондай-ақ қоғам мен тұтастай экономика өркендеуі тұрғысынан тиімді пайдалана отырып, бұл ретте қоршаған орта үшін залалды барынша азайта отырып, өзі үшін де, бүкіл әлем үшін де пайданы ұлғайта отырып, қанағаттандыратын процесс.