ТМД-дағы венчурлық нарықтың ахуалы қандай

29 Маусым 2020, 16:12
2274
Бөлісу:
ТМД-дағы венчурлық нарықтың ахуалы қандай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ТМД елдеріндегі венчурлық нарықтың 2019 жылғы қорытындылары онлайн өткен "Astana Finance days 2020" панельдік сессиясында талқыланды.

Da Vinci Capital инвестициялық директоры Денис Ефремов ТМД-да нарықтарды есептеу күрделі екенін айтты. 

Ресей, Қазақстан, Украина және өзге елдерден шыққан жобаларды айтуға болатын еді. Статистика өзгеретін болады. Нарыққа қарайтын болсақ, Ресей бойынша бірқатар зерттеу жүзеге асырылды. Келісімдер саны 500-700 млн долларды құрады. Бұл бір жобалық раундтың құны десек те болады, - деді Ефремов.

Оның айтуынша, нарықта жаңадан пайда болып жатқан "бизнес періштелер" кәсіби инвестиция жасайды. 

Ресейде жасалған келісімдер саны 700-ге жуық болатын. 500 млн доллар үшін 700 келісім түзілді. Осынша келісім үшін қаржы айтарлықтай аз. Өңірдегі венчурлық инвестиция түсінігі экономикалық емес. Себебі, венчурлық инвестиция өсімге салынады. Жалпы аталған инвестиция сатып алуға, несиелік қолдауға бағытталады. Ал өңірде кіші не ірі инвестициялардың барлығы өсім үшін салынады. Басқа стратегия жоқ, - деді ол. 

Өз кезегінде FortRoss Ventures венчурлық қорының бас серіктесі Виктор Орловский ТМД елдеріндегі венчурлық нарықтың сипатына тоқталды.

Біздің қор көбінесе Израиль мен АҚШ-қа инвестиция құяды. Көп жағдайда ТМД елдеріндегі венчурлық капиталистер технология экспортымен айналысады. Бүгінде венчурлық нарық стартаперлердің ортасы болып отыр. Стартапшылар өздерінің талабын айтады, ал инвесторлар ол талапқа сай болуға тырысады. Осы нарықта үлкен бәсекелестік бар. ТМД елдерінің венчурлық нарығы көп уақыт бойы инвесторлық нарық ретінде жұмыс істеп келеді, - деді ол.
Өзгелердің жаңалығы