ТМД-дағы әскері ең мықты мемлекет қайсы?

16 Қыркүйек 2022, 21:17
2720
Бөлісу:
ТМД-дағы әскері ең мықты мемлекет қайсы?

Global Firepower рейтингіне сәйкес, 2022 жылы Өзбекстан әскері Орталық Азиядағы ең қуатты әскер болды. Бұл бірінші рет емес. Кейінгі бірнеше жыл ішінде Өзбекстан көшбасшы бола бастады, одан кейін Қазақстан тұр,  деп хабарлайды BAQ.KZ Finprom.kz сілтеме жасап.

Әскер ұлтты, ұлттық мүддені қорғау және әскери міндеттерді орындау үшін керек. Орталық Азия елдерінің арасында, әсіресе, Қырғызстан мен Тәжікстан арасында әлі де шекарада шиеленіс бар.

Қалыптасқан жағдай Global Firepower ұсынатын кейінгі деректерге сәйкес Орталық Азия елдерінің әскери қуатын қайта қарауды және бағалауды талап етеді. Бұл халықаралық ұйым әр елдің құрлықта, теңізде және ауада соғысуға қабілетін бағалайды.

Рейтингке сәйкес, Орталық Азияның бес елі 142 орынның ішінде 55 пен 111-орындар арасында орналасқан. Биыл АҚШ әскері ең күшті деп танылған, ал Исландия соңғы орынға ие болған. Исландияда тұрақты әскер жоқ. Оған себеп - бұл мемлекеттің халқы қарулы күштерге ие болу үшін тым аз (шамамен 360 мың адам). Сонымен қатар, ел барлық жағынан сумен қоршалған және НАТО-ға кіреді, бұл оны қорғайды.

Өзгелердің жаңалығы