Өткен тәулікте індеттен 6 адам қайтыс болды

31 Тамыз 2020, 09:28
1126
Бөлісу:
Өткен тәулікте індеттен 6 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 31 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты coronavirus2020.kz сайты жариялады.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 56 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 26 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы ауырғандар - 25 714 адам, 290 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 575-ке жетті.

Өзгелердің жаңалығы