"Титаник" суға батқан соң табылған алтын сағат рекордтық бағаға сатылды

29 Сәуір 2024, 08:53
594
Бөлісу:
"Титаник" суға батқан соң табылған алтын сағат рекордтық бағаға сатылды
Фото: Henry Aldridge & Son/Alamy

"Титаниктегі" ең бай адамның алтын қалта сағаты рекордтық 1,5 млн долларға сатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Henry Aldridge & Son компаниясының мәліметінше, сағатты АҚШ-тың жеке коллекционері сатып алған.

Бәссауда өкілі сомаға сатып алушы төлеген салық пен барлық жинау бағасы қосылатынын мәлімдеді.

Сағаттың бастапқы қожайыны, бизнесмен Джон Джейкоб Астор 1912 жылы 47 жаста кемемен бірге батып кеткен болатын. Оның әйелі Мадлен құтқару қайығының арқасында тірі қалған.

"Титаник"-тегі құнды дүниеге қойылған ең жоғары баға бұған дейін кеме батып бара жатқанда ойналған скрипка үшін 1,3 млн долларды құраған. Аукционшылардың айтуынша, ол сол бәссауда үйінде 2013 жылы сатылған.

Бастапқыда алтын сағатты 125 мыңнан 188 мың долларға дейінгі бағада сату жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы