Үкімет кулуарында Ішкі істер министрлігінің бірінші вице-министрі Марат Қожаев журналист Сандуғаш Дүйсенованың ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет кулуарында БАҚ өкілдері вице-министрден «қорғаушы Бауыржан Азановпен сөйлескенімізде жалпы азаматтарды шешіндіріп тексерудің қажеті жоқ екенін, тек қана қолмен тексеруге болатыны туралы айтты. Ал сіздер тінту барысында мұндай талаптарды қайдан алдыңыздар» деп сұрады.
Қылмыстық істі жүргізу кодексінің жүргізу талаптары бойынша ол іс-шаралар жүргізілген. Оның заңдылығын прокурорлар тексеруге мүмкіндігі бар. Іс жүргізіліп жатқан кезде тінту барысында жанында қорғаушысы болды. Қорғаушысының сөзі бойынша ашық деректе ешқандай ақпарат айтылмады. Журналист неге ойлай деп айтқанын білмеймін, дегенмен мен тінту барысында ер адам болды деген ақпаратты оқыған жоқпын, - деп жауап берді Марат Қожаев.