Тимур Сұлтанғазиев: Карантин режимін әрі қарай да қатаң түрде сақтаған жөн

6 Мамыр 2020, 15:48
6197
Бөлісу:
Тимур Сұлтанғазиев: Карантин режимін әрі қарай да қатаң түрде сақтаған жөн
Фото: дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай туралы ҚР ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев онлайн брифинг барысында айтты.

Қазіргі уақытта 4298 науқас тіркелген. Оның жартысы Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында орналасқан. Дәрігерлердің арқасында 1279 науқас емделіп үйіне шығарылды. Стационарда 2897 науқас ем алуда. Олардың 85%-ы қалыпты жағдайда. 14%-ы орташа және 25 %-ы ауыр жағдайда жатса, 6 науқас өте ауыр жағдайда деп тіркелген. Оның ішінде 7 адам өкпені жасанды демалдыру аппаратына қосылған. 30 адам эпидемия салдарынан қайтыс болған, - деді спикер. 

Сонымен қатар, ол өткен тәулікте 156 адам корнавирус жұқтырғанын айтты.

Екі аптаның ішінде тұрғындар арасында індет жұқтырудың азайғанын байқауға болады. Коронавирус анықталған науқастарды скринингтік және жедел тест арқылы тексеріп жатыр. Бір тәулікте 19 мыңға жуық науқас тестілеуден өтеді. Айдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 25 мыңға дейін жетеді деп ойлаймыз, - деді комитет төрағасы.
ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы індетпен ауырып жатқан науқас өзінен бөлек 4 адамға жұқтыруы мүмкін екендігін айтты. Осыған байланысты қала тұрғындарын үйден шықпауға және сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Сонымен қатар, кейбір өңірде карантин режимін бұзған тұрғындар анықталып жатқандығын айтып өтті.
 30 сәуірдегі мониторинг нәтижесіне сүйенетін болсақ, карнтин режимін бұзғандар 4 пайызды құраса, мамыр айындағы көрсеткіш 25 пайызға жеткен. Одан әрі атқарылатын іс-шаралар құқық қорғау органдарының жұмысына тапсырылды, - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Сонымен бірге, Сұлтанғазиев тұмау белгілері анықталған жағдайда тұрғындар міндетті түрде жедел-жәрдем қызметкерлерін шақырғандары жөн екендігін айтты.

Карантин режимін әрі қарай да қатаң түрде сақтауларыңызды сұраймыз, - деді спикер.

Өзгелердің жаңалығы