Тілге қатысты пікір білдірген кәсіпкерге желі қолданушылары байкот жариялады

20 Қазан 2022, 11:28
2562
Бөлісу:
Тілге қатысты пікір білдірген кәсіпкерге желі қолданушылары байкот жариялады
VIDEO

Әлеуметтік желіде Chocolife компаниясының басшысы Рамиль Мухоряповтың мемлекеттік тілге айтқан сөзі қызу талқыға түсіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еске салайық, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына жұмыс сапарына барып, өңір жұртшылығымен кездесті.

Президент ел ішіндегі тіл мәселесін осылай түсіндірген еді.

Әлем халықтарының жақсы қасиеттерін бойға сіңіріп, озық үрдістерін үйрену үшін тіл білу қажет. Бабаларымыз «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» деп айтқан. Шын мәнінде, жастар неше тіл білсе, алдынан сонша елдің есігі айқара ашылады. Бұл туған еліңнің мүддесіне қызмет ету үшін қажет. Дегенмен, ең алдымен, жастарымыз ана тілін – қазақ тілін білуі керек. Ана тіліміз бірінші орында болып, бәріміз үшін негізгі басымдық болуы қажет. Солай болады да деп атап айтқым келеді, – деді Мемлекет басшысы

Алайда сол күні қазақстандық кәсіпкердің қазақ тіліне қатысты айтқан сөзі дауға қалды.

Бейнежазбада әйелдің Ресейден келген азаматтарға  мемлекеттік тілге қатысты түсіндірме жұмысын жүргізіп жатқанын көруге болады. 

Егер сізге орыс тілінде емес, қазақ тілінде қызмет көрсетсе, мұны – агрессия деп түсінбеңіздер. Түсіністікпен қарауға тырысыңыздар. Жек көру туралы айтудың керегі жоқ, – деп түсіндірді ол ресейліктерге.

Алайда спикердің сөзін бөлген Рамиль Мухоряпов қазақ тілінде жауап беру «мәдениеттің көрінісі емес екенін» айтты.

Менде мұндай жағдай болса, өкініш сезімі болар еді. Адам орыс тілін расымен білмесе, жарайды. Бірақ дегенмен, бұл бір түрлі, ұлтшылдықтың көрінісі сияқты. Мұны түсінуге болады, - деді Мухоряпов. 

Кейін ол:

 Иә, алайда бұл – мәдениеттің көрініс емес, – деді кәсіпкер. 

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен соң артынша, Рамиль Мухоряпов өз парақшасында жазба жариялады.

 Айтуынша, оны көпшілік дұрыс түсінбеген.

Егер орыс тілін біліп, бірақ өзіңнің басымдығыңды көрсету үш тілінде жауап берсең, сенің жаныңда қазақтың қонақжайлылығы жоқ. Мен қазақ тілін құрметеймін, Қазақстан – менің Отаным! Менің сөздерімді дұрыс түсінбегенін қаламаймын. Мен кез келген қысымға қарсымын, – деп аяқтады компания басшысы.

Өзгелердің жаңалығы