Тілеуберді Ресей тарапынан ешқандай қауіп көрмейтінін айтты

28 Ақпан 2023, 19:43
1292
Бөлісу:
Тілеуберді Ресей тарапынан ешқандай қауіп көрмейтінін айтты
Фото: автордан

Ресей мен Қазақстан арасындағы шекараны делимитациялау толығымен аяқталған. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Бликенмен кездесуде айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі таңда біз Ресей Федерациясынан қауіптің төнгенін көрген де, сезгенде жоқпыз. Қазақстан ЕАЭО, ҰҚШҰ, ТМД мүшесі болып саналады. Сондықтан біз Ресеймен қарым-қатынасты көпжақты құрылым аясында жұмыс істейтін альянс ретінде қарастырамыз. Екіжақты ынтымақтастыққа немесе екіжақты қарым-қатынасқа тоқталсам, бізде берік құқықтық база бар, – деді Мұхтар Тілеуберді.

Тілеубердінің атап өтуінше, Ресей мен Қазақстан арасындағы шекараны делимитациялау аяқталған. Бұл – әлемдегі ең құрлық шекара, ол – 7,5 мың шақырым.

Сондықтан Қазақстан көпвекторлы сыртқы саясатты ұстануды жалғастырады. Осылайша, біз әлемнің барлық елімен өзара тиімді ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін тепе-теңдік жүйесін сақтауға тырысамыз, – деді ҚР Сыртқы істер министрі.

Өзгелердің жаңалығы