Тілеуберді Ливия Мемлекетінің Сыртқы істер министрімен сөйлесті

9 Ақпан 2022, 12:46
1335
Бөлісу:
Тілеуберді Ливия Мемлекетінің Сыртқы істер министрімен сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ливия тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ливия Мемлекетінің Сыртқы істер министрі Наджла Мухаммед Аль-Мангушпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына байланысты тараптар екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Сұхбаттастар саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар, ең алдымен БҰҰ, ИЫҰ және АҚИҰ аясындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасты.

Өзгелердің жаңалығы