TikTok жасанды интеллектке қатысты жаңа ережелер енгізеді

Платформа ЖИ сауаттылығын арттырып, AI арқылы жасалған контентті белгілеуді және ЖИ спамымен күресуді күшейтпек.

 workspace.ru 14 Қыркүйек 2026, 23:14
14 Қыркүйек 2026, 23:14
83
Фото: workspace.ru
TikTok қолданушылардың жасанды интеллектіні қауіпсіз әрі жауапкершілікпен пайдалануына бағытталған жаңа жобаларын таныстырды.
 
Платформа ЖИ сауаттылығын арттырып, AI арқылы жасалған контентті белгілеуді және ЖИ спамымен күресуді күшейтпек.

Компания мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы үш айында әлем бойынша 86 миллионнан астам жалған аккаунт жойылған. Ал қазірдің өзінде 3 миллиардтан астам видеоға ЖИ белгісі қойылған.

Сонымен қатар TikTok қолданушыларға ұсыныстар лентасындағы ЖИ контентінің көлемін өз қалауынша реттеуге мүмкіндік беретін жаңа функцияны сынақтан өткізіп жатыр.

Наверх