Tiktok және Kazakh Tourism туризмді дамыту бойынша бірлескен жобаны бастады

16 Қараша 2023, 09:24
503
Бөлісу:
Tiktok және Kazakh Tourism туризмді дамыту бойынша бірлескен жобаны бастады
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қытайдың TikTok әлеуметтік желісі мен Kazakh Tourism ұлттық компаниясы кең ауқымды #ГидПоКазахстану жобасын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Туризм және спорт министрлігінің мәлімдеуінше, жоба аясында еліміздің көрікті мекендері, мәдени және гастрономиялық туризмге арналған орындар туралы бейнегидтер түсіріледі.

Жобаның мақсаты – платформа қауымдастығының назарын ішкі туризмге аудару, туған елімізге көбірек саяхаттауға құлшындыра отырып, шағын және орта бизнеске көмектесу, оған қоса, мәдени және туристік ұйымдарға өздері туралы айтуға, жаңа аудитория табуға септесу.

Бейнегид TikTok жобаларының ресми парақшаларындағы интерактивті картада қолжетімді болады.

Қолданушы еліміздің әр облысына басқан кезде аймақ туралы бейнероликтері және тамаша көрікті жерлері бар беттер ашылады.

Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен TikTok арасындағы ынтымақтастық еліміздің туристік нысандарына назар аударта отырып, жаңа бағыттарды ашады деп үміттенеміз. Біз TikTok қолданушыларына Қазақстанның мәдени және гастрономиялық байлығын қолжетімді етіп қана қоймай, оларды да осынау бірегей жобаға белсене қатысуға шақырамыз. Осы серіктестіктің арқасында TikTok-тың әрбір қолданушысы бірегей онлайн нұсқаулықты жасауға үлес қоса алатын белсенді гид бола алады, – делінген ведмоствоның хабарламасында.

Кампания еліміздің ең ірі екі қаласы – Астана және Шымкент қалаларынан басталады. Бұл жерде аталған екі қаланың мәдени ұйымдары, мейрамханалары мен басқа да мекемелері өздері туралы мәліметтер беріп, интерактивті туристік карта жасалады.

Оған қоса, жергілікті тұрғындар сүйікті мекендерімен, кеңестерімен де бөлісе алады. Бұл үшін #Қазақстангиді хештегі және #Шымкент немесе #Астана хештегі бойынша бейнебаян түсіріп, оны желіге салуы керек.

Қалалардың қызықты жерлері туралы бейнероликтерді Kazakh Tourism @travel.kazakhstan,жергілікті туристік ұйымдар, атап айтқанда @visitastana және @visitshymkent, мейрамханалар мен дәмханалар, Шымкент драма театры @dramteatr_shymkent және «Ордабасы» футбол клубы @fc__ordabasy жариялап үлгерді.

Өзгелердің жаңалығы