Қазақстанның соңғы жаңалықтары

TikTok-тағы анонимді аккаунттар: Семей тұрғыны 7 жылға сотталды

Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында онлайн-платформаларды пайдалана отырып терроризмді насихаттады деп айыпталған Семей қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қаралды. 

Қазақстан Республикасында «Ислам мемлекеті» халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, тыйым салынған. 

2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін айыпталушы «TikTok» әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Аталған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын қамтып, террористік қызметті ақтаған. Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Сот үкімі заңды күшіне енді. 

Еске салайық, бұған дейін Семейде жиһадқа шақырып, терроризмді насихаттаған ер адам 10 жылға сотталған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы