Тікұшақ апаты: Қаза тапқандардың отбасына қандай көмек беріледі

1 Сәуір 2019, 16:28
3025
Бөлісу:
Тікұшақ апаты: Қаза тапқандардың отбасына қандай көмек беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Қарулы Күштері Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы Дәурен Қосанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына қандай өтемақы берілетінін айтты.

«ҚР заңына сай, көз жұмған әскери қызметшілердің отбасына бір жолғы өтемақы беріледі. Бұл – оның 5 жылдық жұмысының жалақысы. Сонымен бірге, отбасылар қызметтік баспананы қайтарымсыз заңдастырып алуға құқылы. Жерлеу рәсімінің барлық шығындары өтеледі. Сондай-ақ, отбасында қанша адамның болуына байланысты баспанаға қатысты өтемақы төленеді. Бұл адам басына қарай әр әскери қызметшінің отбасына әртүрлі өтемақы берілмек», - деп айтты Қосанов. 

Еске сала кетсек, 2019 жылдың 27 наурызында Қазақстан ҚК ӘҚК Әскери әуе күштерінің тікұшағы Қызылорда облысында апатқа ұшырап, 13 адам қайтыс болғаны туралы хабарлағанбыз. Депутаттар қаза тапқандардың отбасына көмектесуді сұрады. Маңғыстау облысы әрбір әскеридің отбасына 1 млн теңгеден беретіндіктерін жеткізді. Сонымен қатар, экипаж мүшелерінің құрамы және олардың соңғы сәтке дейін ажалмен арпалысқаны жайлы жазған болатынбыз. Сондай-ақ, қаза болған әскерилердің мүрдесін бүгін Қызылордадан өз туған топырақтарына шығарып салған  болатын. 
Өзгелердің жаңалығы