Тиісті ұсыныс берілді. ҚМДБ мектепке орамал тағып баруға қатысты

11 Қыркүйек 2023, 13:56
5528
Бөлісу:
Тиісті ұсыныс берілді. ҚМДБ мектепке орамал тағып баруға қатысты
Фото: Арман Мухатов - архив

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мүфтияттың мәлімдеуінше, балиғат жасына толған мұсылман қызға орамал тағу парыз екенін ешкім жоққа шығармаған. Сондай-ақ орамал тағу - ұлттық дәстүр.

Мұны мұсылман қауымы терең түсінуі тиіс. Алайда шариғатымыз балиғат жасына толмаған қызға орамал тағуды міндеттемейді. Мұны да мұсылман жамағаты дұрыс түсінуі керек, - делінген хабарламада.

Олар жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты қоғамда түрлі пікірлер айтылатыны алаңдатынын айтады. 

Бұл мәселе мүфтият қызметкерлерін де бейжай қалдырмайды. ҚМДБ өз құзыреті аясында бұл мәселеге қатысты уәкілетті мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар берді. Мұсылман жамағатының өтініші ескеріліп, оң шешім қабылданады деп үміттенеміз, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы