Тиімділік жоқ. Санжар Боқаев утилизация алымы тетіктерін сынады

26 Қаңтар 2022, 11:23
2059
Бөлісу:
Тиімділік жоқ. Санжар Боқаев утилизация алымы тетіктерін сынады
Фото: inbusiness.kz

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы кәсіпкер Санжар Боқаев утилизация алымына қатысты өткен брифингте айтты.

Халық үшін утилизация алымы мәселесі түсініксіз. Экологиялық кодекстің  386-бабында утилизация алымы не екені жазылған. Бұл алым транспортировка мен утилизация үшін алынады. Барлығына осы алымнан автоөндіріс саласын ілгерілендіру мәселесі түсініксіз. Еліміздегі автоөндіріс саласының жағайы қандай екенін барлығымыз білеміз, - деді ол. 

Санжар Боқаевтың айтуынша, жеңіл көліктің орташа жасы 19,5 жылды құрайды. 

Бұл- экология мен халықтың денсаулығы. Тетіктер мүлдем түсініксіз. Осы жылдары 600 млрд теңге жиналды. Ал тиімділік жоқтың қасы. Егер біз қазір жеңіл автокөлікке арналған утилизация алымын талқылап отырсақ, тетіктер бәрібір қисық болып қалады. Сондықтан алдымен тетіктерді түземей, қанша ақша жинасақ та нәтиже болмайды. Себебі утилизация алымын енгізерде қоғамдық талқылау болмады. Қазір біз Парламенттің қызметін атқарып отырмыз. Оларда бір тыңдалымнан кейін заң қабылданып кетті. Неге олай болғанын ешкім түсінбейді, - деді Боқаев. 

Оның айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «ӨКМ операторы» жабылып мемлекетке тапсырылды. 

Егер қазір сіздер асығып отырсаңыздар, біз «қисық» тетіктермен уақытша келісеміз. Алайда бір көлікке 100 мың теңгеге дейін деген ұстанымымда қаламын. Ірі көліктер утилизациялауға жатпайды. Оларға алым алынбауы керек, - деді ол. 

 

Өзгелердің жаңалығы