«The Planet of ART – 2022» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

27 Шілде 2022, 17:12
1516
Бөлісу:
«The Planet of ART – 2022» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбенің Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармониясында «The Planet of ART – 2022» халықаралық фестивалінің музыкалық циклінің гала-концерті өтті. 

Жоба қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының ұйымдастыруымен, Ақтөбе облысы әкімдігі, Қазақстанның ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясы және Алматыдағы ЮНЕСКО кластерлік бюросының қолдауымен өтті.

Фестиваль Балалар жылы аясында және ЮНЕСКО клубтық қозғалысының 75 жылдығын мерекесіне орай, сонымен қатар Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүшелігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылды. 

Жобаның бас серіктесі – Еуразиялық топ (ERG), сондай-ақ ExxonMobil Kazakhstan, TengriNews, Qazaq Ballet, The Names beauty coworking және тағы басқа компаниялар.  

«The Planet of ART – 2022» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Фестивальдың гала-концертіне дейін дәстүрлі өткізілетін 12-17 жас аралығындағы 3 мыңға жуық вокалдық, хореографиялық және аспаптық номинация өкілдерінің аймақтық және халықаралық іріктеу кезеңдері өткен болатын. Қазақстанның барлық өңірінен іріктелген жас дарындар мен шетелдік жас жұлдыздар «The Planet of ART – 2022» халықаралық фестивалінің финалында өнер көрсетті.

Жобаның кең ауқымы, толықтай ақысыз және ашық негізде ұйымдастырылуының нәтижесінде барлық қатысушы, оның ішінде әлеуметтік қорғалмаған отбасылардың балалары да қарым-қабілеті мен дарынын паш етуге мүмкіндік алды.

Іріктеу кезеңінен өткен ең дарынды балаларға гала-концертке дайындалу мақсатында сегіз күндік бағдарлама ұйымдастырылған. Бағдарламаның  көп сағаттық репетициялары мен оқу-мәдени бөлігінен басқа еліміздің көрнекті өнер жұлдыздарының шеберлік сабақтары өткізіліп, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің лауреаттарына кәсіби шеберлігін шыңдап, қорытынды өнер көрсету алдындағы даярлығын пысықтауға мүмкіндік туғызды.  

Фестивальдің 38 финалисінен бөлек қатысуға Ақтөбе облысының балалар шығармашылық ұжымдары шақырылған болатын. Олар – «Flash» би студиясы және ERG қолдауымен дамып келе жатқан «Алтын дән» халықтық би ансамблі. Қос ұжым қатысушылардың конкурстық номерлеріне жаңаша өрнегін қосты.

Жобаның финалистері жеңімпаз-лауреаттар ретінде өнер көрсетіп, Ақтөбе облысының әкімдігі атынан бағалы сыйлықтар, халықаралық дәрежедегі дипломдармен марапатталып, ең бастысы – ұмытылмас әсер сыйлап, жас өнерпаздардың жас достар тауып, тәжірибе жинауына септігін тигізді.

Мәдениет – әуел бастан біріктіруші фактор. Біздің жобамыздың басты мақсатын орындай отыра жас дарындарды дамыту, олардың шығармашылық әлеуетін жүзеге асыру және халықаралық аренада қазақстандық мәдиениетті насихаттау арқылы өз маңызы мен нәтижелігін дәлелдеді. Біздің кәсіби командамыз балаларға өзінің өлшеусіз тәжірибесімен бөлісе алды, – деді қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтары федерациясының президенті Болат Ақшолақов.  

«The Planet of ART – 2022» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Біз үшін талантты жастарды қолдау, әсіресе, ауылдық жерлер мен алыс елді мекендерден шыққан балаларға көмек көрсету әрқашан маңызды. Балалар тәжірибе жинағаннан бөлек өздерінің болашығына оң әсерін тигізетін дағдыларын дамыта білді. Әрине, балалардың жанып тұрған бақытты көздерін көруге өте қуаныштымын, бұл жоба әрқайсына ерекше әсер етті деп сенемін, – деді «ТНК Казхром» АҚ персонал және әлеуметтік мәселелер бойынша операциялық директоры Дамир Кенжеғарин «The Planet of ART – 2022» фестивалінің бас серіктесі – Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы атынан.

   Фестивальге қатысуға мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Осы сегіз күнде ақкөңіл әрі талантты адамдардың арасындағы айрықша өнер атмосферасында болдым. Осы қысқа уақыт ішінде тату бір отбасыға айналдық. Винера Елтайқызының вокал бойынша сабақтарынан ерекше ләззат алдым. Ол – керемет адам, тамаша ұстаз. Оның арқасында музыканың жаңаша қырларын аштым. Бұл – менің қалған өміріме жететіндей музыкадағы үлкен тәжірибе. Осы жердегі әрбір сәтті ілтипатпен еске алатын боламын, – деді Өзбекстаннан келген фестивальдың «Вокал өнері» номинациясының лауреаты Мадина Абдурахмонова. 

«The Planet of ART – 2022» халықаралық фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

Ұймыдсатырушыларға, мұғалімдеріме, кураторларыма және волонтерлерге алғыс білдіремін. Бір апта ішінде дос болып қалдық. Қоштасу керектігі өкінішті, бірақ, осы сәттердің естелігі жүрегімді жылытатын болады, – дейді «Аспаптық өнер» номинациясының лауреаты Манас Әлиев

Өзгелердің жаңалығы