Ақшасын төлесең, тестілеуден өткізіп беремін. Павлодарда дәл осылай жүздеген адамды сан соқтырған күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ «Хабар 24»-ке сілтеме жасап.
Ол сыйақы үшін мұғалімдерді ұлттық біліктілік тестілеуінен өткізуге уәде берген. Өзі де бұрын педагог болып қызмет атқарған екен. Күдікті Telegram арнасындағы чаттар мен сайттарға жарнама орналастыру арқылы клиент тауып, өз «қызметін» 60 мыңнан 100 мың теңгеге дейін бағалаған.
Бүгінгі күні полицияға 108 адам арызданды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы азамат ұсталды. Ол кінәсін мойындап отыр.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.