Терроризм бабы бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды – Ерлан Қарин

19 Қаңтар 2022, 11:00
1674
Бөлісу:
Терроризм бабы бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды – Ерлан Қарин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, кейбір өңірлерде терроризмге қарсы операция жоғары деңгейде жалғаса береді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин мәлімдеді.

Оның айтуынша, радикалдық топтар еліміздегі лаңкестік әрекеттерді өз пайдаларына асырмақ болған.

Арнайы жасақ әлі де жұмыс істеп жатыр. 20 желтоқсанда шетелдік топтардың елімізге келгені белгілі болды. Олар 7-8 қаңтар күндер Қазақстан шекарасынан әртүрлі жолдармен өтпек болған. Сондай-ақ арнайы жасақ қызметкерлері осы оқиғаларға ел ішінде жүрген радикалдық-экстремистік топ өкілдерінің де қатысқанын анықтады. Шетелдік террористік ұйымдардың Қазақстандағы радикалдық топтары елдегі оқиғаларды жаңа шабуылдарды бастау мақсатында пайдаланғылары келгені белгілі болды. Сондықтан жағдай өте күрделі. Бірақ арнайы жасақ ондай әрекеттердің алдын алды. Қазіргі таңда олар күдіктілерді анықтап, ұстап, қару-жарақтарын тәркілеумен айналысып жатыр, - деді ол.

Ерлан Қариннің айтуынша, радикалдық топ өкілдерінен осы уақытқа дейін 2 мың қару-жарақ тәркіленген.

Осы уақытқа дейін құқық қорғау органдары 2 мыңға жуық қару-жарақ тәркілеген. Олардың бәрі радикалдардың қолында жүрген. Тек терроризм бабы бойынша 44 қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Еліміздің арнайы жасағы мен құқық қорғау органдары әлі де өте көп материалмен, құжаттармен танысуы керек. Әрине, оған біраз күш жұмсау керек. Арнайы жасақ радикалды ағым өкілдерін анықтаумен әлі де айналысып жатқанын атап өткен жөн. Елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, кейбір өңірлерде терроризмге қарсы операция жоғары деңгейде жалғаса береді, - деп түсіндірді Мемлекеттік хатшы.

 

Өзгелердің жаңалығы