Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан 5-сынып оқушысы ұсталды

19 Қыркүйек 2022, 14:28
1622
Бөлісу:
Терроризм актісі туралы жалған хабарлама таратқан 5-сынып оқушысы ұсталды

Бұл туралы ІІМ Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Дархан Разуев ведомствоның апталық брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Интернет желісі арқылы жасалған қылмыстарды ашу ұзақ уақыт алғанымен бәрібір олар ашылады, кінәлі тиісті жазаға тартылады. Осылайша, құқық қорғау органдарының жұмысы өз нәтижелерін көрсетіп жатыр. Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп, интернет арқылы «бомба туралы» электронды жалған хабарлама таратқаны үшін Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмаған тұрғыны анықталды, - деп атап өтті департамент басшысы. 

Айтуынша, кәмелетке толмаған оқушы ғаламтор арқылы жарылғыш заттың қойылғандығы туралы жалған хабарлама жіберген. 

Ақмола облысында кәмелетке толмаған бесінші сынып оқушысы ұсталды. Ол Павлодар облысының соттарындағы жарылғыш заттар туралы электронық пошта арқылы хабарлаған. Қазіргі уақытта аталған істер бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бұрынырақ, Қостанай облысында еліміздің әртүрлі өңірдің әртүрлі объектілердегі 11 жарылғыш заттар туралы интернет арқылы таратқаны үшін жас адам 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, - деді ведомство өкілі. 

Белгілі болғандай, биыл 8 ай ішінде сотқа 14 қылмыстық іс жолданып, 13 адамға сот үкімі шығарылған. Олардың жетеуі бас бостандығынан айыру, төрт адам бас бостандығын шектеу жазаларына тартылды, бір азаматқа қатысты мәжбүрлі медициналық шара қыбылданды.

Өзгелердің жаңалығы