Террористік ұйым еліміздің тұрақтылығына, тәуелсіздігіне нұқсан келтірді - Динар Нөкетаева

8 Қаңтар 2022, 13:18
1099
Бөлісу:
Террористік ұйым еліміздің тұрақтылығына, тәуелсіздігіне нұқсан келтірді - Динар Нөкетаева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сенат депутаты Динар Нөкетаева Президенттің Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына жасаған ұсынысы туралы, елімізлегі жағдайға қатысты пікірін білдірді.

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелерінің қатысуымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына ұсыныспен шығатыны туралы шешім қабылдады. Бұл өте дұрыс шешім деп ойлаймын. Өйткені, елімізге осы аяқ астынан осы еліміздің тыныштығын бұзған террористік ұйым өзінің лаңкестік істерімен халқымыздың, еліміздің тұрақтылығына, тәуелсіздігіне нұқсан келтірді. Сондықтан да еліміздегі, мемлекетіміздегі мемлекеттік ұйымдарды, халқымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, аналардың, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін осындай қадамға барды. Бұның бәрі де осы болашақта, жақын күндерде осы террористік акт жасаған ұйымдардан, жаңағыдай лаңкестіктен елімізді азат етіп, осы Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскерилері әбден еліміздегі жағдай тұрақтанғанша уақытша осы мемлекетімізде болады. Барлық жер, барлық аймақтар тұрақтанған кезде, әрине олар елімізден қайтады. Сондықтан да барлығымыз еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының осы қазіргі қиын жағдайларда жасап жатқан барлық тапсырмаларын, мүмкіндіктерін, қабылдап жатқан шешімдерінің барлығын Сенат депутаттары, мен өзім Сенат депутаты ретінде қолдаймын, - деді ол.

Сондай-ақ депутат балалардың, жастардың тәрбиесіне үлкен көңіл бөлу керек екенін де айтты.

Осы еліміздегі жағдайдың тұрақтануына, жақсаруына, қайтадан қауіпсіз жағдайға келуіне, еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің мықты болуына, еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуына барлығымыз дерлік қызмет жасауымыз керек, жұмыс  істеуіміз керек. Президентіміз биылғы жылды Балалар жылы деді. Сондықтан да балаларымыздың, жастарымыздың тәрбиесіне өте үлкен көңіл бөлуіміз керек сияқты болашақта. Өйткені осы лаңкестік жағдайларда да біздің жастарымыз қиын жағдайларға ұшырап жатыр. Сондықтан да барлық халықты сондай қазіргі кезде үрейлі қалыпта болғандықтан барлығы да үйлерінен шықпай, қауіпсіздік жағдайлардың барлығы мемлекеттің тарапынан жасап жатыр. Сондықтан да қазіргі кездегі жасалып жатқан жағдайларға мойысұнып, барлық жағдай тұрақтанғанша осы барлығы өздерін өздері қауіпсіз жағдайда ұстауы керек деп ойлаймын, - деп пікір білдірді депутат.

Өзгелердің жаңалығы