15 жыл бойы қабырғасы қаңырап тұрған "Территория кофморта - 1" тұрғын үйі сүріле бастады

25 Қазан 2019, 11:26
1980
Бөлісу:
15 жыл бойы қабырғасы қаңырап тұрған "Территория кофморта - 1" тұрғын үйі сүріле бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2004 жылы елордада үлескерлердің қаржысына салына бастаған "Территория комфорта-1" тұрғын-үй кешеніне сараптама жасалып, нәтижесінде құрылыстың апатты жағдайда екені анықталған болатын.

Бұған дейін техникалық нормаларға сай келмейтіндіктен "Территория комфорта – 1" тұрғын үй кешені сүрілетіні туралы шешім қабылданған болатын. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Алтынбек Қайсағалиев мамандардың бақылауымен аталған нысан кеше бұзылғанын хабарлады.

"Кеше мамандардың бақылауымен "Территория комфорта – 1" тұрғын үй кешенінің бірінші корпусы бұзылды. Жыл соңына дейін барлық корпус сүріліп, құрылыс қайта басталады деп жоспарланған. 500-ден астам үлескер 15 жылға жуық уақыт бойы осы нысандағы баспанасын күтіп жүр", - деп жазды ол Іnstagram-дағы парақшасында.
Бұл кешен 2004 жылы тұрғызыла бастады. Бұрынғы құрылыс салушы компания техникалық нормаларға сәйкес келмейтін бетон маркасын пайдаланғаны және нысан апатты деп танылғандығы хабарланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы