Теріскейде ірі-қара бруцеллезге шалдықты

25 Сәуір 2023, 13:31
1070
Бөлісу:
Теріскейде ірі-қара бруцеллезге шалдықты
Фото: автордан

Теріскейде 60-қа жуық бас ірі-қара бруцеллезге шалдықты. Ауру мал тәркіленіп, санитарлық союға жіберілді. Өңірде төрт түлікті түрлі инфекцияларға тексеру жұмысы жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ-тің Солтүстік Қазақстан облысындағы тілшісі.

Өткен жылы 206 бас мал қауіпті дертке шалдыққан еді. Биыл 3 ауданда инфекция ошағы анықталып отыр. Айыртау, Ақжар және Қызылжар аудандарына қарасты бірнеше елді мекенде бруцеллез жұқтырған мал тіркелді.

Теріскейде ірі-қара бруцеллезге шалдықты

Облыста жыл сайын барлық малдан сынама алынып, диагностика жасалады. Осындай жоспарға сай жұмыс барысында 58 ірі-қараның бруцеллезге шалдыққаны белгілі болды. Инфекцияның таралуына тосқауыл қою мақсатында бірқатар шаралар қабылданды. Қызылжар ауданының Байсал ауылында екі көшеде шектеу шаралары енгізілді. Оған сәйкес инфекция ошағынан мал және мал өнімдерін сыртқа шығаруға болмайды. Бруцеллез – мал арқылы таралатын қауіпті, созылмалы ауру. Адамға да жұғуы мүмкін. Әсіресе ауру малдың сүтін тұтуны қауіпті. Сондықтан сақ болған жөн, - дейді СҚО Ветеринария басқармасының бас маманы Нарман Тасболатов.

Теріскейде ірі-қара бруцеллезге шалдықты

Тәркіленген мал иелеріне жергілікті бюджет есебінен өтемақы төленеді. Қалған елді мекендерде шектеу шаралары енгізілген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы