Тергеу процесінің беделін түсіру. Ақпараттық кеңістікте «қаңтардағы оқиғалар» қасақана  бұрмалануда

16 Ақпан 2022, 11:36
1596
Бөлісу:
Тергеу процесінің беделін түсіру. Ақпараттық кеңістікте «қаңтардағы оқиғалар» қасақана  бұрмалануда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚАЖ комитеті төрағасының орынбасары әділет генерал-майоры Мейрам Аюбаев брифинг барысында айтты. 

Тағы да айта кетерім, қазір біз ақпараттық кеңістікте  «қаңтардағы оқиғалардың» қасақана  бұрмалануына тап болдық. Мұның бәрі тергеу процесінің беделін түсіру және кінәлі адамдарды жауапкершіліктен әдейі алыстату үшін жасалады. Барлық азаматты, заңды сақтауға, жалған және тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге, тек ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырамыз, - деді Мейрам Аюбаев. 

Ол атап өткендей, барлық күдікті қорғау және заң көмегін алуға конституциялық құқығы қамтамасыз етіледі, адвокаттар өз қорғауындағы адамдармен кедергісіз кездеседі.

Біз қорғаушыларға және қоғамдық бақылауға тергеу изоляторларындағы ұстау жағдайларына рұқсатты қамтамасыз етеміз. Барлық тергеу амалы бейне-камералары орнатылған,  арнайы жабдықталған, бөлмелерде жүргізіледі. Қамауға алынғандардан түсіп жатқан барлық шағымдар тіркеледі және оларды өзіндік қауіпсіздік қызметтері тексереді, заңдылықты прокуратура органдары үнемі қадағалайды, - деді ол.

Аюбаев атап өткендей, барлық адвокат және қоғамдық қорғаушы ақпарат сұратуға құқылы. 

Қорғаудағы адамдармен кездесуге ешқандай шектеулер жоқ. Қорытындылай келе барлық қамауға алынғандар қамауда соттың шешімі негізінде отырғанын тағы да атап өткім келеді. Тағылған айыптың заңдылығын және кінәнің дәрежесін тек соттар мен прокуратура заңдылықты қадағалау тәртібінде ғана қарауы тиіс. Оған дейін біздің қызмет қамауда ұстаудың белгіленген талаптарының барлығын қамтамасыз етеді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы