Тергеу изоляторының қызметкерлері науқас балаларға арнап қан тапсырды

14 Қараша 2020, 12:28
1517
Бөлісу:
Тергеу изоляторының қызметкерлері науқас балаларға арнап қан тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД бағынысты КА-168/1 тергеу изоляторының қызметкерлері отадан кейін қанға мұқтаж науқас азаматтар мен балаларға арнап қан тапсырды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жалпы аталған мекеме қызметкерлері жыл сайын науқастар үшін қан тапсыруды әдетке айналдырған. 

КА-168/1 тергеу изоляторының қызметкерлері өздеріне жүктелген міндеттерді орындаумен қатар, бірнеше жылдан бері қан орталығына қан тапсырып келеді және дәл қазіргі жағдайда бұл өте қажет іс екенін толық сезінеді. Қызметкерлер арасында 10 жылдан астам уақыттан бері ота жасалған науқастар мен балаларға, тіпті жаңа босанған әйелдерге арнап қан тапсырып келе жатқан қызметкерлер бар. Жүректерге жылу сыйлайтын осындай қайырымдылық акцияларына қатысуды біздің қызметкерлеріміз өздеріне парыз санайды, – дейді КА-168/1 мекемесінің кадр саясаты бөлімшесінің бастығы Әсел Малайдарова.

Акция барысында өте сирек кездесетін ІV-ші топтағы қан тапсырған қызметкерлер де болды. Солардың бірі – КА-168/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің ақпараттандыру және байланыс тобының аға инженері Ержан Турин. Ол сирек кездесетін қан тобын биыл үшінші рет тапсыруда. 

Дәрігерлер менің қан тобымды білген кезде қуанып, алғыстарын айтып жатады. Жалпы мен өзімнің қан тобымның сирек кездесетінін бұрыннан білетінмін. Егер біздің қанымыз  мұқтаж науқастарға өмір сыйлап жатса, бұл біз үшін үлкен қуаныш, – дейді ол.


Өзгелердің жаңалығы