Тергеу изоляторына соттың санкциясынан кейін түскен азаматтар азапталып жатқан жоқ – Құспан

11 Ақпан 2022, 12:37
1404
Бөлісу:
Тергеу изоляторына соттың санкциясынан кейін түскен азаматтар азапталып жатқан жоқ – Құспан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Аманат» комиссиясының төрағасы Абзал Құспан журналистерге арналған брифингте айтты. 

Біздің тікелей міндетімізге кірмесе де, тергеу изоляторына кірген кезде шағым айтқан азаматтардың арыздарын жазып алып, ол бойынша Бас прокуратураға 4 беттік ұсынысымызды жеткіздік. Алғашқы ұрып-соғу азаптау жағдайлары ұстау кезінде болған.  5-6 қаңтар жаппай тәртіпсіздік болса, шамамен, 8,9,10 қаңтар аралығында жаппай ұстау шаралары жүргізілді. Осы кезде сондай әрекетке жол берілді, - деді ол. 

Құспан айтқандай, ондай жағдайларды комиссия тіркеп, тексеруді талап етіп жатыр. 

Прокуратура мен Антикордың құзырына тапсырып жатырмыз. Лауазым құзыретін асыра пайдалану істерін тергеумен Антикор айналысады. Алматы қаласы және өзге өңірлерде Антикор тарапынан ішкі істер органдары қызметкерлеріне қатысты қозғаған қылмыстық істер бар. Талдықорған қаласында азамат Батырбаевтың қандай жағдайға ұшырағанын тәптіштеп жазып берген біздің комиссия болатынын. Арқасына үтік басқанын, қандай халде жатқанын мерзімдерімен көрсеттік, - дейді ол. 

Абзал Құспан бұл оқиға бойынша диверсия да қайталануы мүмкін екенін де жеткізген. 

Ондай жағдайларды біз ашық айттық. Оларға қатысты Бас прокуратура да әсер етіп, жұмыс істеп жатыр. Қамауға оқ тиіп жарақат алған азаматтардың жағдайы сол жерде жіті қаралды. Бірақ біз ең алдымен осындай санатты босату істерімен айналыстық. Ал тергеу изоляторына соттың санкциясымен түскен азаматтарды азаптап жатыр деп айта алмаймыз. Себебі бізге түскен арыз-шағымдардың барлығы ұстау кезінде болғанын айтады, - деді адвокат. 

Өзгелердің жаңалығы