Теннистен Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды

27 Қараша 2023, 19:46
485
Бөлісу:
Теннистен Қазақстан құрамасының қарсыласы анықталды
Фото: ktf.kz

Теннистен Билли Джин Кинг кубогі іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады BAQ.KZ.

Қазақстан әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының іріктеу сатысында Жапониямен ойнайды.

Матч келер жылы 12-13 сәуір күндері Жапонияда өтеді. Жеңген команда финалдық кезеңге жолдама алады. Іріктеу матчы төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.

Биыл Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде өз тарихында екінші рет бақ сынаған еді.

Өзгелердің жаңалығы