Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа кірді

2 Маусым 2022, 22:15
1016
Бөлісу:
Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде үздік ондыққа кірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде алғаш рет үздік ондыққа кірді, деп хабарлады Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
 

Билли Джин Кинг кубогының жаңартылған рейтингісінде ел құрамасы 16-дан бірден 9-орынға көтерілді. Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей, Германия, Италия, Румыния, Бельгия, Польша секілді командаларды артқа қалдырды. 

Қазақстандық қыздар биылғы сәуірде елордада Германия теннисшілерін 3:1 есебімен тізе бүктіріп, командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Әлемдік рейтингіде алғашқы он команда былайша орналасты: 1.Аустралия - 1002,71 ұпай; 2,Франция - 885,6; 3.Испания - 884,62; 4.Чехия - 842,92; 5.Швейцария - 881,81; 6.Канада - 780,09; 7.АҚШ - 758,09; 8.Словакия - 744,23; 9.Қазақстан - 704,75; 10.Германия - 702,52.

Өзгелердің жаңалығы