Теннистен Майами турнирі: Юлия Путинцева әлемнің алтыншы ракеткасына жол берді

28 Наурыз 2022, 16:15
1437
Бөлісу:
Теннистен Майами турнирі: Юлия Путинцева әлемнің алтыншы ракеткасына жол берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық, әлемнің 47-ракеткасы Юлия Путинцева Майами WTA 1000 турнирінің төртінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚТФ баспасөз қызметі.

Юлия үшінші айналымда әлемнің 6-ракеткасы, испаниялық Паула Бадосамен шеберлік байқасты. Бірінші партияда испаниялық теннисші қос брейкке қол жеткізді – 6:3. Екінші сетті қазақстандық спортшы брейкпен бастағанымен, Бадоса сол бойда таразы басын теңестірді – 1:1. Үшінші геймде Путинцева үш бірдей брейк-пойнтты пайдалана алмаса, қарсыласы мұндай мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ – 3:1. Ақыры Бадоса тағы бір брейкпен матчты тәмамдады – 6:2.

Өзгелердің жаңалығы