Теннистен «Мастерс» жарысының жеребесі тартылды

9 Наурыз 2023, 20:12
805
Бөлісу:
Теннистен «Мастерс» жарысының жеребесі тартылды
Фото: olympic.kz

Индиан-Уэллсте өтетін «Мастерс» жарысының әйелдер арасындағы жұптық сынының жеребесі тартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында испаниялық Паула Бадосамен өнер көрсетеді. Бірінші айналымда қазақстандық-испаниялық жұп Сторм Хантер (Аустралия) - Элиза Мертенс (Бельгия) дуэтімен шеберлік байқасады.

Елена Рыбакинаның WTA жұптық сындағы рейтингісінде 96-орында, ал Паула Бадоса 325-орында екенін айта кету керек. 

Юлия Путинцева АҚШ-та өтетін беделді жарыста румыниялық Бьянка Андреескумен жұп болып өнер көрсетеді. 

Турнирдің алғашқы кезеңінде олар америкалық-аустралиялық жұп Николь Меличар-Мартинес - Эллен Перреспен сынға түседі. Ал жұптық сындағы Қазақстан үздігі Анна Данилина америкалық Эйжа Мұхаммадпен бірге өнер көрсетеді. 

Бірінші айналымда бұл жұп Габриэла Дабровски (Канада) мен Луиза Стефани (Бразилия) дуэтіне қарсы ойнайды. 

Өзгелердің жаңалығы