Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Бублик АҚШ-тың Финикс қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалына жолдама алды, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы сербиялық Александр Вукичтен басым түсті.
Матч үш сетке созылды. Бублик алғашқы сетте жеңіске жетті, кейін Вукич есепті теңестірді. Алайда шешуші сетте қазақстандық теннисші қайтадан мықтылығын дәлелдеп, матчқа нүкте қойды. Есеп: 6:3, 3:6, 6:3.
1/8 финалда Бублик Аустралиялық Ринки Хидзикатамен кездеседі.