Теннис: Жапония мен Қытайдағы ірі турнирлер биыл өтпейтін болды

3 Шілде 2021, 07:20
1826
Бөлісу:
Теннис: Жапония мен Қытайдағы ірі турнирлер биыл өтпейтін болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Азияда өтетін ірі әлемдік турнирлерде кейінге шегеру туралы шешім қабылдады, деп жазады Olympic.kz. 

Қытай мен Жапониядағы турнир US Open додасы аяқталған соң, қыркүйек айында өтуі тиіс болатын. Олардың қатарында Ухань және Бейжіңде өтеді деп шешілген. 

Аталған турнирлер коронавирусқа байланысты кейінге қалды. 

Әзірге, қазан-қараша айларына жоспарланған WTA қорытынды жарысы туралы нақты мәлімет жоқ.


Өзгелердің жаңалығы