Теннис: Елена Рыбакина рекорд жаңартты

21 Қыркүйек 2021, 03:41
2429
Бөлісу:
Теннис: Елена Рыбакина рекорд жаңартты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бірінші ракеткасы 20 жастағы Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде үздік он бестікке жақындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Теннисші карьерасында алғаш рет 16-шы орынға көтеріліп, жеке рекордын жаңартты. Бұл Қазақстан үшін жаңа рекорд.

Еліміз үшін ұзақ уақыт 25-орын рекорд болып келді, бұл сатыға 2012 жылы 29 қазанда Ярослава Шведова көтерілген.

Осыған дейін қазақстандық теннисшілерден ешкім 16-шы орынға жетпеді.

WTA рейтингінде көшбасшы Эшли Барти (Аустралия, 10075 ұпай), Арина Соболенко (Беларусь, 7720) және Каролина Плишкова (Чехия, 5315).

Еске салайық, US Open-2021 жарысында Рыбакина үшінші айналымға жетті.

Өзгелердің жаңалығы