Теннис. Анна АҚШ-та жеңімпаз атанды

2 Мамыр 2021, 21:12
1502
Бөлісу:
Теннис. Анна АҚШ-та жеңімпаз атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың Шарлоттсвилл қаласында өткен ITF сериясының финалында қазақстандық Анна Данилина австралиялық Арина Родионовамен бірлесіп жеңімпаз атанды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы хабарлады.  

Финалда олар Жаңа Зеландия өкілі Эрин Рутлиф пен индонезиядық Алдила Сутджиадм жұбынан 6:1, 6:3 есебімен басым түскен.  

Кездесу 1 сағат 17 минутқа созылды. 

Маусым жақсы өтіп жатыр. Кезекті рет жеңіске жеттім. Демек, дұрыс бағытта келе жатырмын, - дейді Данилина. 

Өзгелердің жаңалығы