Теңіз портында жүк тасымалы екі есе артты

31 Мамыр 2022, 19:33
2545
Бөлісу:
Теңіз портында жүк тасымалы екі есе артты
Фото: автордан

Маңғыстау облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» арқылы тасымалданатын жүк көлемі екі есеге артқан. Соңғы 3 жылда порт екі мыңға жуық кеме қабылдап 10 млн тоннадан асатын жүкіті тиеп түсірсе,  биыл тек 4 айдың өзінде  Ақтау теңіз порты арқылы 1,2 млн тоннадан астам жүк тасымалданған. 

Ақтау теңіз порты арқылы келіп-кеткен жүктің 110 мың тоннасы импортталса, 1 млн 96 мың тонна жүк экспортқа шығарылған. Контейнерлік тасымалдар да екі есеге өскен. 

Ақтау портының барлық жүктемесі 1,2 млн тоннаны соның ішінде мұнай бойынша 705 мың тоннаны құрады. Транскаспий халықаралық көлік бағыты  бойынша қазіргі уақытта көбіне Қазақстанның экспортық жүктері тасымалданып жатыр. Түсті металдар мыс, цинк, алюминий. Бұлардың барлығы экспортқа Түркияға жөнелтіліп жатыр. Сонымен қатар Қытайдың транзтиттік контейнерлері де жүктеліп жатыр - дейді Ақтау теңіз порты көлік және логистика бөлімінің басшысы Қайрат Халиолла. 

 Сәуір айы «Құрық» порты үшін де табысты болды. Өйткені алғаш рет 231 мың тонна жүк тасымалы орындалды. Бұл ашылғанына бес жыл болған порт үшін рекордық көрсеткіш. Порт арқылы мұнай мен химия өнімдер, металл бұйымдары ауыстырып тиелді. Азық-түлік, өнеркәсіп жабдықтары мен  құрылыс материалдары импортқа шығады. 

Теңіз портында жүк тасымалы екі есе артты

Көрсеткіштер наурыз айынан бастап өсе бастады. Бұған себеп–әлемдік геосаяси жағдай мен шекаралардың жабылуы. Жұмысты осылай жалғастырып жыл соңына дейін жүк тасымалын 2 млн тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз, - дейді Құрық портының бас диспетчері Бақыткерей Әлібеков . 

Ал "Солтүстік терминал" жобасы елдің көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту бағытында іске қосылған. Бұл терминал арқылы  жүк негізінен Иран, Ресей мен Әзірбайжан порттарына тасымалданады. "Сотлтүстік терминалда" осы жылдың 4 айында 282,7 мың тонна жүк ауыстырып тиелген.

Өзгелердің жаңалығы