Теңгенің айырбастау бағамына қысым көрсеткен қандай жайттар?

11 Қазан 2022, 10:55
1048
Бөлісу:
Теңгенің айырбастау бағамына қысым көрсеткен қандай жайттар?

Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Осы жылғы қыркүйекте теңгенің долларға қатысты бағамы 1 долларға шаққанда 476,53 теңгеге дейін 0,9%-ға әлсіреді. АҚШ Федералды резервтік жүйесінің ақша-кредит саясатын белсенді түрде қатаңдатуы, доллар бағамының жаһандық нығаюы, геосаяси қақтығыстардың шиеленісуі, дамушы нарықтардың валюталарына сияқты теңгенің де айырбастау бағамына қысым көрсетуді жалғастырып келеді, - деді Ұлттық банк төрағасы.

Айтуынша, еркін өзгеретін бағам саясаты валюта нарығының жұмыс істеу тиімділігін арттыруға және халықаралық резервтерді сақтауға ықпал етеді. 

Ұлттық банк жеке тұлғалардың сыртқы экономикалық операцияларының жекелеген түрлері бойынша төлем байланысы статистикасының ауқымын кеңейту бойынша жұмыс жүргізуде. Атап айтқанда, жеке тұлғалар шетелдік интернет алаңында нақты сатып алатын тауарлар импортына бағалау жүргізілді, - деді Ғалымжан Пірматов.   

 Еске сала кетейік, бұған дейін Ұлттық банк басшысы елдегі инфляция деңгейіне тоқталған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы